• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы №127 жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ақбөпе Тленшина халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету мақсатында қаламыздағы жастарға арнап шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбы қаладағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер әдебиеттері» бөлімінде «Табиғи материалдардан бұйымдар жасау» тақырыпен өрбіді. Іс-шараға қатысқан өнерлі қыздар аталмыш қолөнер түрінің ерекшелігі мен қыр-сырлары туралы мәліметтер алып, қызығушылық танытты. Ұллтық өнер –халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін күнделікті тіршілігімізде қолданылып келген түрлі ою-өрнектер, әшекейлі бұйымдар – талай ұрпақтың ақыл-ойының жемісі. Алайда, озық технологиямыз дамыған заманда, әсіресе, жастар қолөнерге ден қоя алмай жүр.  Жастарымыз интернеттің шырмауына түсіп, көп уақыттарын болмашы нәрселерге жұмсап жатады. Ал, бұл дәріс – жастардың уақытын тиімді пайдалану, әрі қанымызда бар ұлттық мұраны танып-білу, оны қазіргі заманға сай етіп тұрмыста пайдалана білуге икемдеу болатын. Сабақ барысында оқушылар жүн түту, жір иіру, құрақ құрау, ою ою секілді қолөнер жұмыстарымен танысты және оны өз қолдарымен жасап көрді.
Кеш қонақтарын кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.