• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Шымкентте болат құю зауыты іске қосылмақ

Биыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы басталды. Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі. Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауыты іске қосылады.   Жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын кәсіпорын жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.


     Сонымен қатар, Шымкентте ұлттық теннис орталығы, зообақтың «Сафари» бөлігі мен Астана даңғылының бойында гүлзардың ашылу рәсімі өтеді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.   Осылайша, Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында халық үшін маңызы зор бірқатар әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың құрылысы аяқталып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.


ФОТО: ОҚО әкімінің баспасөз орталығы


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.