• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

«Балалық ойдан даналық әлемге» шейін...

Шымкент қаласында ақын, балалар жазушысы  Қосжан Мүсіреповті еске алу әдеби кеші өтті. "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында "Өлмей-тұғын ұлы ағыс" жобасын негізге ала отырып, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау мақсатында оның шығармаларынан үзінді оқылды. Биыл туылғанына 86 жыл толуына орай кештің аты «Балалық ойдан даналық әлемге» аалды. Кеш барысында балалар жазушының өмірі жайында баяндды. Небәрі 35 жылдық ғұмырында Қосжан Мүсірепов киелі әдебиет аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етті. Ол  Арыс ауданы Бірлік ауылы  дүниеге келген. Еңбек жолын 1949 жылы бастаған. Ауыл мектебінің мұғалімі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, аудандық газеттің жауапты хатшысы, редакторы қызметтерін атқарған. 1959 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітіріп, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), "Жетісу" газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі "Парасат") журналында қызмет істеген. Алғашқы өлеңдері облысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында жарияланған. Алғашқы жинағы «Менің қарындасым» деген атпен 1959 жылы шыққан. Кейін бірнеше жыр жинағы, новеллалар жинағы жарық көрді. Шараға оқырман-оқушылар,ұстаздар, ата-аналар, кітапханашылар қатысты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.