• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкент кинотеатрында қазақ тілінде «Суперотбасы 2» анимациялық фильмінің премьералық көрсетілімі өтті

Шымкент қаласында  «Mega Planet» ОСО Kinopark 5 кинотеатрында қазақ тілінде «Суперотбасы 2» анимациялық фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. 14 маусымнан бастап еліміздің барлық кинотетрларынан қазақ тілінде «Суперотбасы 2» мультфильмін балалар мен ата-аналар тамашалауда. «Суперотбасы 2» - «Болашақ» Корпоративтік қоры қазақ тіліне дубляждаған 24-ші фильм. Қазақ тіліндегі дубляждың режиссері Шах-Мұрат Ордабаев. Бұл Шах-Мұрат Ордабаевтың «Коконың құпиясы», «Галактика сақшылары. 2 бөлім» және «Өрмекші-адам. Қайта оралу» фильмдерінен кейінгі жобадағы толыққанды төртінші жұмысы. «Суперотбасы 2» фильмі жас актерлер - Дидар Құралбаев пен Айкөркем Әділгереева үшін дебютті жұмыс болды.  Дубляж жасайтын актерлерді іздестіру барысында ұзақ уақыт бойы Виолеттаның кейіпкері үшін дауыс таба алмады, фильмнің дубляждық тобы театрдың жас актрисасы - Айкөркем Әділгерееваны ашпас бұрын, бүкіл Қазақстан бойынша іздеу жүргізді. Басты кейіпкерлердің бірі Шастикті жас актер Дидар Құралбаев дыбыстады. «Шастиктің» атын қазақ тіліне «Желаяқ» деп аударды. Эксцентрлік дизайнер Эдна Модтың кейіпкерін қазақша дубляждың режиссері Шах-Мұрат Ордабаев дыбыстады, атап айтарлығы, оны түпнұсқасында фильмнің режиссері Брэд Бёрд дыбыстаған болатын. Барлығы дубляжда 60-тан аса актер ат салысты.

          Бұл жолы көптің көзайымы болған Мистер Ерекшені басқа қырынан көретін боламыз. Эластика деп танылған оның жұбайы Хелен Парр, Виалетта, Дэш және Джек - Джекті әкелерімен қалдыруға мәжбүр болады. Себебі, Хелен әлемді құтқару жөніңде арнайы тапсырманы орындауы керек. Отбасы үшін бұл қиын кезең  күрделене түспек. Өйткені, олар Джек - Джектің супер қабілеті барын білмейді. Бар қызық отбасы мүшелері жаңа қарсыластарға төтеп беру үшін Фрионмен қосылып күрескенде басталады.


       Келер жылы қазақ тілінде 3 анимациялық фильм «Монстрлар демалыста-3», «Шақылдақ және төрт патшалық», «Раль интернетке қарсы» көрермендерге ұсынылмақ. Жалпы осы уақытқа «BI-group» компаниясы, «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен «Өзіңнен баста» атты жоба аясында «Aray media group» студиясында барлығы 23 фильм өз ана тілімізге аударылған. Елімізде қазақ тілінде фильмдер санының артуы бізді қуантады. Бұл игі істердің барлығы қазақ тілі мәртебесін қазіргі заманауи құрылғылар, заманауи комуникациялар арқылы дамытудың бірден-бір жолы. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде дыбысталған фильмдерді «ivi.ru» сайты арқылы тамашалауға мүмкіндік бар.


 


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.