• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Шымкентте қолөнер бұйымдарының көрмесі болып өтті

Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай, қолөнер бұйымдарының көрмесі болып өтті. Жергілікті өнерпаздардың төл туындылары халық арасында қызу сұранысқа ие болды.


Қала орталығындағы «Қиял әлемі» саябағында өрбіген көрмеге жергілікті 50-ге тарта қолөнерші қатысып, ұлттық нақыштағы туындыларын қала халқына арзандатылған бағада саудалады. Шараға шаһардағы кәсіпкерлік бөлімі мұрындық болып, әрбір қатысушыға Алғыс хат табыс етті. Бұл өз кезегінде тұрғындар арасында қолөнер бұйымдарын жасауға деген қызығушылықты арттырады, - дейді жауаптылар. Көрмеге қатысушылардың бірі – Бейсбековтар отбасы. Бұл отбасы қала жұртшылығына ұзақ жылдардан бері таныс. Өнерлілер шаңырағының бас иесі бүгінгі шараға 10-ға тарта шәкіртін ерте келген. «Төл туындыларды насихаттау халық арасында ұлттық бұйымдарға деген қызығушылықты арттырады. Кейінгі толқынның санасында сілкініс тудырады, - дейді ол. Арқа төсі Астана қаласының туған күніне тарту ретінде ұйымдастырылған жиын концерттік бағдарламаға ұласты.


shymkenttv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.