• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Эколог ғалымдар Шымкентте бас қосып, ғаламшарды қорғау тақырыбын талқылады

 Жер-Ананың бүгінгі экологиялық ахуалы қазір әлем ғалымдарын алаңдатып отыр. Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық мәжіліс болып өтті. Бұл жиын Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған 40-тан астам шетел ғалымдары қатысып, бүкіл ғаламды қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Қытай, Италия, Хорватия, Словакия және Қырғызстан халықаралық университеттері ынтымақтастығы өкілдерінің бастамасымен қолға алынған жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны түрлі залалдардан қорғау. Өйткені, адамзат баласына ортақ - Жер планетасының соңғы уақытта экологиялық ахуалы әлем ғалымдарының назарына ілікпей қоймады. Италиядағы Молизе университетінің профессоры Клаудио Массимоның айтуынша, білім беру құрылымы арқылы озық тәжірибені қолданып, біз өмір сүріп жатқан жерді қазір қорғауды қолға алмасақ, кейін бәрі кеш болады. Бұл жобаны «Ерасмус» бағдарламасы қаржыландырады. Ғалымдар қазір топырақтың құнарын сақтап қалу үшін түрлі зерттеулер жүргізіп жатыр. Ғылыми еңбектердің түйіні – ғаламшарды түрлі қауіп-қатерден азат ету.


 Қоршаған орта таза болса, ондағы тіршілік те қыз-қыз қайнайды.  Қоғамның өркениетті болуына өз үлестерін қосуға ынталы ғалымдар бұл жиында түрлі тақырыптарда баяндама жасады. Өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.     


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.