• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

20 жылдыққа 20 аң тарту етті

Шымкент зообағында жасалынып жатқан жұмыстармен облыс басшысы Жансейіт Түймебаев және Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев танысты. Сонымен қатар, осы күні өңір басшысы киелі Қошқар ата өзенінің абаттандыру жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын көрді. Еліміздің астанасы Астананың 20 жылдығына шымкенттік зообақ ұжымы мен қалалықтар 20 аң сыйға тартты.


Мегаполисте демалыс орындары жеткіліксіз, сол себепті қаланың кез- келген аумағында көпшіліктің демалатын жері көп болуы тиіс. Жақында Асқаров және Бейбітшілік көшелерінде салынатын арбаттың жобалары да назарға ұсынылды. Сондай орындардың арқасында елімізде туризмді дамытуға мүмкіндік болады.


1980 жылы ашылған зообақта бүгінде 249 түрлі 2 жарым мыңдай жан — жануарлар бар. Аң түрлері жыл санап артуда. Саябақты жануарлармен толықтыру мақсатында Еуразия құрамындағы зообақтардан аңдарға тағы сұраныс берілген. Яғни, аң түрлерінің саны тағы да артпақ. Зообақтың ахуалымен танысуға келген облыс әкімі бұл шараның бәрі ел ертеңі балалар үшін жасалып жатқанын айтты. Осы күні мұнда келген бүлдіршіндер де мәз болысты, оларға балмұздақ таратылды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.