• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Бірінші сыныпқа электронды түрде қабылдайды

Шымкентте бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын электронды түрде қабылдайтын болды. Қолға алынған бастаманы ата-аналар жақсы қабылдады. Енді олар қағаздарын жинап, есік қақпайтын болады. Тіпті, үйден шықпай баласының құжатын электронды түрде тапсыруға мүмкіндік алды. Құжаттарды электронды түрде тапсыра алмайтын ата-аналар бұрынғысынша, мектептің өзіне барып тапсыруына болады.


№9-шы мектеп лицейінде де бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау 1-ші маусымнан басталған. Құжаттар жиынтығы бекітіліп қойған: ол -баланың туу туралы куәлігі, 3х4 формалы 2 фотосуреті, ата-анасының жеке куәлігі. Құжаттарды электронды түрде арнайы бекітілген ұстаз қабылдайды. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ұл-қыздардың құжаттарын электронды түрде қабылдау былтырғы маусымнан бастап қолға алынған болатын. Бүгінде бұл жүйе Шымкенттегі 129 мектептің барлығында бар. Ол үшін ұстаздар арнайы дәрістер алды, түрлі жәйттерде қандай шешім қабылдау керектігін білді. Жүйенің тиімді, әрі екі тарапқа да оңтайлы екеніне көз жеткізді. Егер құжаттарды үйден компьютер арқылы тапсыруға мүмкіндігіңіз болмаса, үйіңіздің төңірегіндегі жақын мектепке де баруға болады. Мұнда арнайы бекітіліген ұстаз құжаттарыңызды қабылдап, базаға енгізеді. Егер құжаттарды тапсыруда күрделіктер туындаса, Тыныбаев көшесінде орналасқан бұрынғы қала әкімдігінің ғимаратындағы қалалық білім бөліміне жүгінуге болады.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.