• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Қала басшысы жұртшылықты Ораза айтымен құттықтады

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі Ораза айт күні шымқалалықтар да қала орталығындағы мешіттерге қарай ағылды. Жамағат Ораза айт намазын оқыды. Қала мешіттерінде бұл күні ине шаншар жер болған жоқ. Бұл күні Шымкент қаласының әкімі барша халайықты қадірлі мереке күнімен құттықтады. Қала басшысы Н.Сауранбаевтың құттықтауы:


Қадірлі қала тұрғындары және қонақтары! Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты әрі берекелі болсын!


Халқымыз Рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп, «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт бір-біріне «Айт қабыл болсын» айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Ағайын-туысқа айттап бару, балалар мен қадірлі қонақтарға айттық беру – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүр.  


Ораза айты – қонақжайлылық пен мейірбандылықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Ізеттілік пен ізгілікке, бірлік пен игілікке үндейтін бұл мейрам елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстарды да ынтымаққа ұйыстыра түседі. Бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған пенденің құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәт.


Мұсылман қауымының осынау шуақты мейрамында әр шаңыраққа баянды бақыт, Алланың амандығы мен берекетін тілеймін. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын!


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.