• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Журналистер арасында спартакиада басталды

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мерекесіне орай әріптестер арасында жылдағыдай дәстүрлі спартакиада басталды. Кәсіби мереке қарсаңында жарыс алаңына шыққан журналистер  арқан тарту, волейбол, жеңіл атлетикадан өзара күш сынады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, командалық рухтың бәсі биік екенін көрсетті.


Журналистер арасындағы спартакиадаға 12 команда қатысты. Бірінші болып, жарыс жолына жеңіл атлеттер шықты. Команда сапындағы БАҚ өкілдері ерекше дайындықтарын көрсетті.


Кейіннен әріптестер спорт алаңында арқан тартудан өзара бақ сынады. Кіл мықтыда кім мықты анықталып, нәтижесінде «Рейтинг Собкор» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Ерекше дайындықпен келген «ONTUSTIK» телеарнасының командасы да жақсы ойын өрнегін көрсете білді.


Бұдан соң, БАҚ өкілдері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік жиында сап түзеген командалар флеш-моб билеп, көңіл көтерді. Игі бастамаға «Қасиет» фитнес клубының жаттықтырушылары үн қосты. Спартакиада соңы волейбол жарысымен жалғасын тапты.


          shymkenttv.kz                              


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.