• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Медицина қызметкерлерінің күніне орай спартакиада өткізілді

Маусым айының үшінші жексенбісі - медицина  қызметкерлерінің  күні. Шымкент қаласында медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне арналып денсаулық сақтау саласы мамандары арасында спартакиада өтті. Спорт бәсекесіне ақ халатты абзал жандардан құралған бас-аяғы 32 команда қатысып, өзара бақ сынады.


Адам денсаулығының жанашыры бола білген, әрі салауатты  өмір салтын ұстанған дәрігерлер жарысқа барыншы дайындықпен келген. Бұл жарыс барысында байқалды.  «Қазақстан  Республикасы денсаулық  сақтау  ісін  дамыту»   мемлекеттік бағдарламасы аясында  өткен спартакиадада  дәрігерлер спорттың 4 түрінен жарысты. Олар: волейбол,  футбол,арқан тарту  және шахмат. Спартакиаданың басы – алдымен әрбір аудан орталығында өткізіліп, аудан деңгейінен дара шығып, оқ бойы озып шыққандар Шымқалаға жолдама алған болатын. Сонымен спартакиада қорытындысында сайрамдық дәрігерлердің әріптестерінен суырылып алға шығып, жеңіске жетті. Сөйтіп, сайрамдықтар ақтық сында  да футбол,  волейбол,  шахматтан  тартысты да қызықты ойынды көрсетті. Адам  жанының арашасы ақ желеңді абзал жандар арасында ұйымдастырылған шара  әріптестер арасындағы достық пен ауызбіршілікті нығайтты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.