• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жас кәсіпкерлерге арнап "Өз мақсатыңа жет!" бизнес-тренингі ұйымдастырылды

Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қалалық кәсіпкерлік бөлімі «Өз мақсатыңа жет!» деп аталатын бизнес-тренинг ұйымдастырды. Мақсат – кәсіпкерлік әліппесін енді ғана үйреніп, іс бастауға бекінгендерге тура жол сілтеу. Бағыт-бағдар беру. Кәсіпкерлікті дамыту – мемлекет саясатының ажырамас бөлігі.  Семинарға қатысушылар әуелі облыстық кәсіпкерлік палатасы қызметкерлерінің кеңесіне құлақ түрді. Бұдан соң кәсіп ашып, тасы өрге домалаған іскер азаматтар сөз алып, өкшебасар бизнес өкілдеріне өз білгендерін үйретті.


Мұхит Қарсақбаев,  ұйымдастырушы: - Өз кәсібімен айналысқысы келетін, неден бастасам екен деген жас буындар, жас азаматтар келіп отыр. Бүгінгі шараға 100-ден астам азамат қатысып отыр. Олар өздерін мазалған сұрақтар бойынша жауап табады деген ойда ұйымдастырып отырмыз.


Болар бала алысқа қарайды.  Жасы 16-ға енді ғана толған  Ақарыс  Елтай бүгінгі шараға қатысқанына қуанышты. «Бизнес биігін бағындыру жас талғамайды»,- дейді талапты бозбала. Бастысы, діттеген мақсатқа жету жолында аянбай тер төгу керек. Бірақ, Ақарыс кәмелет жасқа толмағаны үшін талай кедергілерге тап болып жүр. Онысын бүгін бүкпесіз айтты. Ақарыс  Елтай  - жас кәсіпкер: - Жас кәсіпкер ретінде қатысып отырмын. Болашақта биік белестерге жетіп, бизнес саласын жоғары дамытқым келеді. Тек кәсіпкерлікпен айналысып қана қоймай, арнайы дәрістерге қатысып, білімді болу - мақсатым. Бизнесте сауатсыздықтың кесірінен бекерден бекер жем бола бастаймыз. Ал, осындай семинарлар соның алдын алады.


Шараға спикер ретінде тәжірибелі  кәсіпкерлер  шақыртылған. Қатысушылар  бизнес әлемінің өмірлік, оқу-кәсіптік мақсаттарымен  танысты. Түрлі тақырып бойынша дәріс оқылып, кәсіпкерлер өзара пікір алмасты.


shymkenttv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.