• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Лагерьге жолдама ХҚКО арқылы қабылдануда

Шымкент қаласындағы 129 жалпы мектепте – 177 256 оқушы білім алады.
Жазғы маусымда демалыспен қамтылуы тиіс 1-10 сынып оқушыларының саны – 156 379 оқушы. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 9 785 оқушыға артып отыр. 


Оның ішінде - көп балалы отбасы балалары - 15 082, аз қамтылған отбасы балалары – 9 266, жартылай жетім балалары - 4 899, жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 789. Жалпы саны – 30 036 бала әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балалары. Бұл барлық бала санының 17% –ын құрайды. Жаз айларын тиімді ұйымдастыр мақсатында Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагерінде 1200 оқушы, «Арман» лагерінде 4041 оқушы («Арман-1» лагерінде 2021 оқушы, «Арман 2» лагерінде 2020 оқушы), «Үшбұлақ» лагерінде 1000 оқушы, «Машат» лагерінде 1000 оқушы демалатын болады. 113 мектеп жанынан - 11 660 бала ыстық тамақпен, 11 972 бала ыстық тамақсыз демалыспен қамтылады. Жалпы 23 632 бала мектеп жанынан ашылатын алаңдарда демалады. Мектеп жанынан ашылған алаңдарда оқушылар түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қамтылатын болады. 


Биылғы жылы аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы лагерлерде демалу үшін ата-анадан өтініш қабылдау ережесіне өзгерістер енгізіліп отыр. 
Яғни, стандартқа сай аз қамтылған отбасыларына қала сыртындағы лагерлерге жолдама беру халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асуда. Бұл дегеніміз ата-аналардың өтініштері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдануда. Бүгінгі таңда 5 265 ата-анадан өтініштер қабылданып, қала сыртындағы лагерлерге жолдамалар берілді.
Сонымен қатар, аула клубтарындағы балаларды ата-аналардың демеушілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия, саяхатқа апару жұмыстары жүргізіледі. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу тұрақты бақылауға алынады. 
Барлық жазғы сауықтыру орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жұмыс жүргізу үшін рұқсат қағаздарын алып, залалсыздандыру (дезинфекциялау) жұмыстары жүргізілді. 


Барлық лагерлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың 5 маусымынан бастап балаларды қабылдады.


«2018 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға төтенше жағдайлар басқармасының өртке қарсы қызметінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, жедел құтқару жасағының қызметкерлері қатысып, мектеп жанынан ашылатын алаң басшыларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және әлеуметтік педагогтарға әдістемелік көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық балалар кітапханасымен, балалар қуыршақ театрымен, облыстық циркпен келісім-шарттар түзілді. С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің жанынан «Бәйтерек» оқу орталығымен бірлесіп «жазғы ағылшын тілін оқыту» лагері ашылып, 100-ге жуық оқушы қамтылуда.


Шымкент қалалық білім бөлімі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.