• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша 50 жас жұмысқа тартылды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын енгізген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама Шымкент қаласында белсенді жүзеге асырылып келеді. Жақында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жазғы маусымы басталды. Мұнда ерікті жастар қаланы тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, ағаш отырғызып, жасыл көшеттерге күтім көрсетеді. Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында орналасқан «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы маусым айында 50 жас жұмыспен қамтылып, қаламыздағы Бадам өзенінде Т.Айбергенов көшесі, Д.Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолында, Б. Момышұлы, Қажымұқан стадионында жұмыс жүргізді. «Жасыл ел» бағдарламасы – жастарды туған өлкесіне сүйіспеншілігін оятып,, білім алып жатқан қаланы сүюге баулиды, қоршаған ортаның қадірін түсінуге үйретеді және қоғамдағы әрбір жасты еңбекке бейімдейді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.