• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

95 жастағы кейуана - соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов Әл-Фараби ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Құттықтауға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы және аудандық халық қалаулылары қатысып ізгі тілектерін білдірді. «Сіздей жандарды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету - азаматтық парызымыз. Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ұлы адамсыз.Сізді аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын»,- деді аудан әкімі Бауыржан Қалжанов. Айта кетейік, Шаля Анна Федоровна 1923 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Вревск ауылында туылған.
1941 жылдың басында Румыния, Венгрия, Чехославакия шекарасынан өтіп, Звенигород, Богуслав, Умань қалаларын азат етуге қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, II-ші дәрежелі «Отечественная война» медалімен және мерейлік медальдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралған ардагер 1946 жыл мен 1979 жылдар аралығында білім саласында қызмет атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан.


Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.