• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектері алынып тасталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заңсыз орналастырылған дүңгіршектер мен көлікжайлар алынуда. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын-алу, жою жұмыстарының барысы туралы» №649 қаулысына сонымен қатар Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекованың 03.01.2018 жылғы «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының» 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтап, заңсыз құрылыстар мен заңсыз орнатылған дүңгіршектерді болдырмау мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы аудан аумағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер саны анықталып, Шымкент қаласының қоғамдық-саяси «Шымкент келбеті» газетінің №25(1564) санында «Заңсыз дүңгіршектер алынсын» атты мақаламен жарияланған. 
Қазіргі таңда тұрақты жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында 36 заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен көлікжайлар (гараж) орнынан алынды. 
Алдағы уақытта аудан аумағындағы қызыл сызықтар үстінде орналасқан дүңгіршектер және басқа да нысандарды болдырмау мақсатында жұмыстар тұрақты түрде атқарылады. 


 Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының әкімдігі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.