• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалды

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы.  Осы мақсатта,  «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы аз қамтылған, асыраушысы жоқ көп балалы отбасылар, әсіресе қиын өмірлік жағдайындағы отбасыларды қолдау мақсатында мұсылмандардың Қасиетті Рамазан айында «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының және Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шара өткізілді. Соның бірі болып, аталған жобаны қолдау мақсатында облыстық мәслихаттың депутаттық фракция мүшесі Қ.Молдасейітовтың демеушілігімен әлеуметтік жағдайлары төмен 10 отбасына азық-түлік таратылды. Демеушілерді күтіп алған азаматтар ризашылығын білдірді. Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және аудан аумағындағы кәсіпкердің қолдауымен рамазан айында аз қамтамасыз етілген15 отбасыға азық-түліктей көмек берілді. Әлеуметтік көмек алған азаматтар алғыстарын білдіріп, қуанышқа бөленді.Жалпы аудан әкімі аппараты тарапынан мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.