• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жыл басынан бері 31 қайырымдылық акциясы өткізілді

Шымкент қаласы Абай аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналарға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында аудан әкімі А.Татыбаев тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, 30 отбасыға азық-түлік себеттері табыс етілді. Жалпы Абай ауданында жылдың басынан 31 қайырымдылық акциялар өткізіліп, 490 отбасы қамтылған болса, оның ішінде: қасиетті Рамазан айында - 70 жетім және жартылай жетім, мүгедек балалар, 46 аз қамтылған отбасылар қамтылды.  Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Шараны ұйымдастырушылар осынау игі істің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.


Сондай-ақ, еліміздің демографиясына үлес қосып келе жатқан көп балалы аналар марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 мамырдағы 690 Жарлығына сәйкес 3 алтын, 7 күміс алқамен Шымкент қалалық Абай ауданы әкімі аппаратында алқа иелеріне аудан әкімінің атынан, әкім орынбасары Г.Ташимова салтанатты түрде табыстады. Аудан әкімінің орынбасары марапатталған алқа иелерін құттықтап, отбасыларына амандық тіледі. Жалпы Абай ауданы бойынша "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлерінің саны 3272, соның ішінде: 1266 "Алтын алқа", 2006 "Күміс алқа" иелері. Жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 24 алтын, 81 күміс алқа табыс етілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.