• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Анастасия Диченко - Ресейде шығыс жекпе-жегінен жүлделі оралды

Спорттың денсаулық кепілі. Көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүреміз. Оның түрлі себептері де жетерлік. Бұл тұрғыда, жұмысбасты үлкендер жағын айтпағанның өзінде, балалардың алдынан да көптеген кедергілер көлденеңінен шығып жатады. Жастайынан баланы спортқа баулысақ болашағы жарқын болмақ. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе. 


Кішкентайынан спорт үйірмесіне барған жасөспірім - Анастасия Диченко. Жақында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласында балалар арасында шығыс жекпе-жек түрлерінің дәстүрлі фестивалі өтіп, оның ішінде Шымкент қаласынан жерлесіміз Анастасия Диченко каратэ-до спорт түрінен 2 орынға ие болды.  Бұл бәсекеге 3 елден, нақтырақ айтқанда Ресей, Украина, Қазақстанның жас спортшылары бақ сынасты. Анастасия Диченко: «Мен Питерде балалар арасындағы турнирда 2-ші орын алдым. Өйткені менің бапкерім мені осыған әбден дайындаған болатын. Көптеген жаттығулардың арқасында дәл осындай жетістіктерге жеттім. Мен өз бапкеріме ерекше алғыс білдіремін. Алда жарыс көп. Жеңісті күндерім әлі алда деп ойлаймын» дейді. Айта кетейік, Анастасия енді тамыз айында Абхазияның Сухум қаласында болатын Еуропа біріншілігіне қатысатын болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.