• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Бірегей кәсіпорын

ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы табысты жүргізілуде. Осы бағдарлама аясында индустриалдық аймақта ашылған Шымкент қаласындағы «Karlskrona» машина жасаушы зауыты бүгінде өнімдеріне сұраныс жоғары іргелі кәсіпорынның бірі. Өндіріс орнынының басшысы Уәлихан Ахметов кішігірім цехтан бастап осындай ірі кәсіпорынға айналдырып отыр. Зауыт өз өнімдерімен бүгінде еліміздің ішкі сұранысын толық қамтып отыр. Басты тұтынушылардың бірі - «КазАтомПром» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындары мен республикадағы ірілі-ұсақты қалалардың су арналары болып табылады. Сондай-ақ, компания өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталуда. Жылдық өнімі 2500 сорғы (насос) шығаратын компанияда 200-ден астам адам еңбек етеді. Аталмыш зауыт су сорғыларынан бөлек, электротехникалық құрылғы, реттеуші арматура, су тазалағыш және жылу, кәріз жүйелерінің қосалқы бөлшектерін де жасап шығаруда. «Karlskrona» зауытының бас директоры Уалихан Ахметовтың айтуынша, «Бадам» индустриалды аймағында болат құю зауыты іске қосты. Онда су сорғыларына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылатын болады. Мұнда жоспар бойынша 55 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінде өңірімізде теңдесі жоқ бірегей кәсіпорын, бәсекелестері жоқ десе де болады. Әрі оның шығарған өнімдеріне сұраныс та мол. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.