• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ОҚО-ДА «ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.


Отырыста ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы таныстырылды. Сонымен қатар,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу апталығының қорытындысы қаралды. 


Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.


Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық бірлестігінің төрағасы, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Т.Байгулов,  отырыстың комиссия мүшелері мен аудан, қала әкімдері қатысты.


«Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы а.ж. 11 маусым күні Агенттікпен бейнеконференцбайланыс арқылы өткен селекторлық кездесуде талқыланған. Аталған жобаны «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, өңірдегі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу мақсатында фронт офис ашу жоспарлануда» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев. 


Сондай-ақ, Әли Амантайұлы жобаның мақсаты мен міндеттеріне, өңірде жүзеге асырылуы мен ондағы департаменттің рөлі бойынша қатысушыларды ақпараттандырды. 


Отырыс барысында Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғаммен кері байланыс орнату маңыздылығы да талқыланып, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet сайты жұмыс жасайтындығы айтылды.


Комиссия отырысында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық бірлестігінің төрағасы Т.Байгулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес апталығында атқарған жұмыстарымен таныстырып, бейнекөрсетілім көрсетті.


Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Департамент жұмысы туралы баяндама жасап, орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып өтті.  


Анықтама үшін: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, сонымен қатар, экспортты дамыту мен жылжытуға уәкілетті болып табылады. Франция,Германия, ҚХР, Түркия,АҚШ секілді елдерде фронт офистері бар. 


Отырыс қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтінін айтып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айын жариялауды тапсырды. Сонымен бірге, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізетінін, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.