• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Цифрлы Қазақстан» курсына жазылыңыз

Шымкентте цифрлы сауаттылықты арттыру курстары жұмыс істеуде. Семинар-курстар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған.


Осыған орай Шымкент қаласында 2018 жылдың маусым-тамыз айларында цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау) мақсатында «Базалық», «Электронды үкімет», «Ашық үкімет» және «Е-коммерция» бойынша оқыту семинар курстары жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Семинар-курс туралы толығырақ shymkent.gov.kz сайтындағы «Цифрлы Қазақстан» айдарынан оқуға болады.


"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты арқылы қаржыландырады. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады. Бағдарламаны 2017 – 2020 жылдары іске асыруға жұмсалатын жалпы шығын 384 220 402,23 мың теңгені құрайды. Бағдарламаны басқару тетігі бағдарламаны басқару саласындағы ең үздік әлемдік практикаға және Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес инфокоммуникациялық технология саласындағы Ұлттық даму институты базасында Бағдарламаны басқару кеңсесі арқылы жүзеге асырылатын болады.


Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілді. Бағдарлама аясында алдағы 4 жылда Қазақстандағы интернет пайдаланушылар үлесін 78 пайызға дейін көтеру, Қазақстан халқын эфирлік телехабарлармен қамту 95 пайызға жеткізу және халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін көтеру мәселелері қаралады. Сонымен қатар, ел азаматтарының өз бетімен интернет арқылы алған қызметтер сапасының қанағаттанушылық деңгейін 83 пайызға көтеру болып отыр.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.