• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Жастарға бос жұмыс орындары ұсынылды

Шымкентте қаласында облыстың 60-қа жуық мемлекеттік органдарының қатысуымен «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. 3 млн-ға жуық халық шоғырланған түстікте жылына 357-ден астам мемлекеттік қызмет орындары босайды. Бұл - облыстағы 8 412 мемлекеттік қызметтің 4 пайызы. Іс-шарада жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде аудан, қала әкімі аппараттарының өкілдері бос лауазымдарын ұсынды. Шымкенттегі «Көрме орталығы» жастарға лық толды. Себебі, дәстүрлі бос лауазымдар жәрмеңкесі бұл жолы жастарға арналып отыр. Басымдық тіс қаққан кәнігі қызметкерлерге емес, тәжірибесі аз жастарға берілді.  


Қыстың қамын жаз ойлап, дипломнан бұрын дұрыс жұмыс орнын іздегеннің бірі - Гүлзара Қадірқұлова. Мардан Сапарбаев атындағы ОҚ гуманитарлық институтының биылғы бітіруші түлегі әкімшілік саласын таңдады. 4 жыл көз майын тауысып оқыған білімін өңірдің өркендеуіне арнауға бел буып отыр. Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Облыстың жергілікті және аумақтық атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру.  Бұл шараға 2 мыңнан астам жас қатысты. Талай жан таныс-тамырсыз-ақ екі қолға бір күрек тапты.


shymkenttv.kz


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.