• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Шымкенттік оқырмандар латын тілінде диктант жазды

Шымкент қаласында облыстық «Отырар» кітапханасында латын тілінде диктант жазу акциясы ұйымдастырылды. Халықтың жаңа әліпбиге деген қызығушылығын арттырып, латын қарпінде хат танту үшін қолға алынған шараға көптеген азамат қатысты. Акция аясында қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Таяу жылдардағы міндеттер» тақырыбында диктант жазды. Акция аясында алдымен, келушілерге жаңа әліпбидің ең соңғы нұсқасы таныстырылды. Одан кейін барлық қатысушыларға латын әліпбиінің жазбаша нұсқалары таратылып берілді.


Зейнеткер Аманбай ағаның кітапханаға келу күнделікті әдеті. Бүгінде сол қалпынан танбай, облыстық «Отырар» кітапханасынан табылды. Мұнда арнайы акцияның өтіп жатқанын естіп, өз мүмкіндігін сынап көру үшін латын тілінде диктант жазды. Айтуынша, жаңа әліпбимен жазу оңай болмаған көрінеді.


Аманбай Ибадуллаев – зейнеткер


Біз мектепке 50-жылдары келдік. Ол кезде латын әліпбиі деген болған емес. Сондықтан бізге жазу оңай емес. Бұл диктанттың ерекшелігі көп. Жазылған мәтін мұғалімдер тарапынан тексерілмейді. Жазған адамға баға қойылмады. Қайта мәтін біткеннен кейін қатысушылар жаңа әліпби жайлы өз ойларын ортаға салды. Злиха Жантасова – облыстық «Отырар» ғылыми- әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы: - Қатысушылар тарапынан айтылған пікірлердің барлығы жинақталды. Оның барлығы кейін латын әліпбиін қолданысқа енгізетін кезде ескерілетін болады...


Егер тұрғындар тарапынан ұсыныс түсіп жатса, бұл акция алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Сонымен қатар, алдағы уақытта әрбір кітапхана жанынан латын әліпбиін үйрету үшін арнайы курстар ұйымдастырылуы ықтимал. Солай болған жағдайда әрбір кітапхана әліпби үйрету орталығына айналады.


shymkenttv.kz


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.