• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Туризм саласын дамытуда бізде үлкен мүмкіндіктер бар

Қазақстанда елдің аса мол табиғи байлығын қорғаудың, оны сақтай отырып, жергілікті халықты бизнеспен айналысуға ынталандырудың бірден бір жолы - экотуризмді дамыту. Сөз жоқ, республикамыз аумағында орналасқан мол табиғи және тарихи көрнекі жерлер, сырттан туристерді тарту және ішкі туризм салаларын дамытуда бізге үлкен мүмкіндіктер бар. Бірақ біз, қосымша инфрақұрылымдар жасалмаса және бұл ресурстарды ұқыпты қолдануға әу-бастан тиісті деңгейде назар бөлінбесе, бұл салада біраз уақытқа дейін бәсекеге қабілетсіз болып қалатынымызды ұғынуымыз тиіс. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған өлкені түлету, танып-білу мақсатында арнайы іс шара өткізілді. Мұнда Шымкент аграрлық колледжінің ұстаздары мен жас студенттер «Өгем» аймақтық ақпараттық экотуризм орталығы қоғамдық бірлестігімен экотуризм мен агротуризмді дамыту бойынша жасалған екі жақты меморандум аясында экожорықтар ұйымдастырылды. Саяхат барысында бірлестіктің экотуризм бағыты бойынша Қара үңгір, Ибрагим ата, Қарашаш ана, Хызыр мұнарасы, Қырық ғайып қырық шілтен, Тау самалына сапар шегіп, мол мағлұматтармен қанықты. Сондай-ақ жастар саяхат жоспарына сәйкеес Ұзынарық ауылындағы күн мен желден энергия алу технологиясын оқып үйрену алаңшасының жұмысымен танысты.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.