• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Шымкент қаласының әкімі балаларды мерекесімен құттықтады

  Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «1 маусым—Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясының мерекелік шарасы өтті.


Орталық саябақтағы «Бақытты жас ұрпақ» салтанатты шарасына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша балаларды мерейлі мерекесімен құттықтады. 


 - Құрметті шырайлы Шымқаламыздың  тұрғындары. Біздің кішкентай бүлдіршін балалар! Сіздерді 1 Маусым балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.


 Бұл бағытта, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға көңіл бөлуде. Жас дарындарды қолдауға, ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көмек көрсетуге назар аударып келеді, – деді қала әкімі өз сөзінде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.