• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.


Агенттік жемқорлықты азайту мақсатында «Қоғамдық бақылау картасын»  іске қосып, жұмысын жалғастыруда.


«Қоғамдық бақылау картасы» аясында Шымкент қаласының белгілі бір компаниясы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесінен жер учаскесінің мемлекеттік актісін ала алмай жүргендігін көрсетіп, шағымданған болатын.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы               іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен компания мемлекеттік актіге қол жеткізіп, мәселе дер кезінде шешілді.


Айта кетейік, «Қоғамдық бақылау картасы» аясында әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram (8-775-869-21-21) мен колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы шағымдар мен ұсыныстар жолдауға болады. Бұл форматтың артықшылығы азаматтар үшін қолайлы болуында. Оларға ешқандай қосымшаларды жүктеудің қажеті жоқ, тек әлеуметтік желіні қолдануы жеткілікті.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.