• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

ОҚО-да бір мектептің 40 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰБТ қорытындысын мәлімдеген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ержан Бұрханов хабарлады.


Оның айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 19798 бітіруші өтініш беріп, оның 19691-і тест тапсырған.  Ал 36 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылған.


Сынақ нәтижесі бойынша өңірдегі 6 түлек ең жоғарғы 125 балл жинаса, 124 балл жинаған оқушылар саны 18-ге жеткен. Ал 3438 оқушы 100 балдан жоғары жинаса, «Алтын белгіге» үміткер 1439 оқушының 575-сі сенімді ақтаған. Оның ішінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің  «Алтын белгіге» үміткер 57 оқушының 40 түлегі сенімді ақтап, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр.


Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай  облыс бойынша бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу пайызы – 73,2 пайызды құрап, жалпы облыстың орташа балы 77,7 пайызды көрсетті. Ал Ұлттық бірыңғай тест тапсырған бітірушілердің 1883-і (9,56%) шектік деңгейден өтпеген.


Айт кетейік, биыл облыста 31285 бала мектеп бітірсе, оның 26102-сі қазақ және орыс сыныбының, ал 5183 оқушы өзбек, тәжік сыныбын бітірген.


 


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17