• Бүгін: 23.06.2018 |$1 = ₸339.98

«SHYMKENT CITY-ДІҢ» құрылысы басталды

Бүгін, Шымкент тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жоба «Shymkent City» іскерлік және тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстараның алғашқы отырысы өтті.
- Шымкент—келешектің қаласы атанады. Бүгін, қаламыздың әр тұрғыны осы бір тарихи сәттің куәгерлері болып отыр. Алдағы уақытта мына жазық жатқан далада барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген зәулім қалашық бой көтереді. Қала тұрғындары көшелері кең, ғимараттары еңселі осы қалашықпен мақтанатын болады. Бұл ретте жеке инвесторлар тарапынан қаржылық қолдаулар оң жемісін бере бастады», — деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.
Естеріңізге салар болсақ, шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған.
«Shymkent City» міне осы жобалардың жиынтық үлгісі деп айтуға болады. Себебі бұл шаһарлықтар үшін барлық жағдай жасалынған әмбебап іскерлік және тұрғын үй кешені болмақ.



Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Мау 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

8

12

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17