• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да гендерлік теңсіздік стратегиясын жүзеге асырудың жайы айтылды

ОҚО әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.


Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, әйелдердің жұмыспен қамтылуы, яғни, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді дамыту арқылы әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жұмыстары мен әйелдердің құқықтарын бұзатын ерте неке мәселесі сияқты қыздарға қатысты теріс мәдени дәстүрлер мен жағдайларды жою жайы көтерілді.


Отырыста бірінші мәселе аясында бірқатар мәліметтер айтылды. Мәселен, облыстық статистика департаментінің 2016 жылдың І тоқсанындағы мәліметінше, өңірде экономикалық белсенді халықтың саны 1212,6 мың халықты құрайды. Аймақтағы 1152,7 мыңы жұмыспен қамтылса, оның өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғаны 514,1 мың (212,9 мыңы - әйелдер). Өңірдегі жұмыссыз нәзік жандылардың саны 21,3 мың немесе жұмыссыз жүрген халықтың 33,4 пайызын құрайды. Осы жылы 48 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отырса, оның 29 мыңына ерлер, 9,7 мыңына әйел азаматтары барады деп күтілуде.


Жиын барысында кешенді әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде, жасөспірім қыздардың қоғамның әлеуметтік әлсіз тобына жататыны айтылды. Сонымен қатар, жүргізілген мониторингтер жасөспірімдерге ата-аналардың ақылы емес, әлеуметтік желілердегі жазбалар қамқор болатынын көрсеткен. Жиында барлық мемлекеттік органдар мен ата-аналар комитеті, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар мен жасөспірімдер және жастар бірлестіктері біріккен жағдайда ғана аталған мәселе шешімін табатыны айтылды.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.