• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да 15 спортшы Әлем чемпионы атанды

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері Әлем чемпионаттары мен Кубоктарына қатысып, 15 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.


Сонымен қоса, 2016 жылдың 5 айында өңірдің оғландары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 361 алтын, 360 күміс, 344 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 13 алтын, 14 күміс және 16 қола медальге ие болды.


Осы уақыт ішінде аймақта 13-халықаралық дәрежедегі, 55- Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен 317–спорт шеберіне үміткер дайындалды.


Айта кетейік, осы жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға бүгінде облыс спортшылары 17 жолдама жеңіп алып отыр.


Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде спорт саласының дамуына көп көңіл бөлініп келуде. Осы спортшыларымызға жасалған жағдайдың арқасында бүгінде олар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Жалпы облыста 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. Ал облыста 5193 спорт нысандары халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді.


 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.