• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да «Өз өміріңді сақта» акциясы өтті

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» кең ауқымды түсіндіру шарасын өткізу кезінде «Өз өміріңді сақта» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты мотокөлік жүргізушілері және жолаушыларына мотошлем қолдану және жол қауіпсіздік ережелерін сақтауды насихаттау.


Акцияға 10 – 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысып, тәртіп сақшылары мен байкерлер балалармен сұхбаттар өткізді, сондай-ақ, оларға насихат парақшаларын тапсырып, мотокөлік жүргізуді көрсетті.


Жалпы, облыс көлемінде осы жылдың басынан бері мотокөліктің қатысуымен 15 жол көлік оқиғалары орын алса, соның салдарынан 3 адам қаза болып, 15 адам дене жарақаттарын алды. Оның ішінде, 13 жол көлік оқиғасы мотокөлік жүргізушісінің кінәсынан орын алып, 3 адам қаза болып 11 адам жарақат алған.


 ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.