• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БӨЛУДЕ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыруға қатысатын қоғам өкілдерімен кездесу өтті.


Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев, Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Түркістан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Р.Асанова, АМТ мүшелері мен мәслихат депутаттары, облыстық аудан, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалдары, кәсіподақ ұйымдарының, кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ өкілдері қатысты.


Басты мақсат – білім беру ұйымдарындағы қабылдау комиссиясының жұмыстарын үйлестіру кезіндегі қоғам өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы колледждерде білім беру гранттарын берудегі ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.


«Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет деп атап өткен болатын. Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына азаматтардың қатысуына мүмкіндіктер беруде» деп атап өтті Е.Жұмабаев.


Отырыс барысында Р.Асанова құжаттарды қабылдау комиссиясының жұмысы қалай жүзеге асырылатынын және қандай талаптар қойылатындығымен таныстырып өтті.


Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, қабылдау комиссиясының жұмысын  үйлестіру бойынша жадынама таратылды.


Айта кетейік, биыл өңірдегі 94 колледждің 61 колледжіне 11 475 грант бөлінген. Аталған қабылдау комиссиясының жұмысына 130-дан астам қоғам өкілдері бақылау жүргізетін болады.


Егерде, Шымкент қаласындағы колледждердегі мемлекеттік гранттар бөлуде бұзушылықтарға куә болсаңыз, жедел түрде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  8(7252) 53-60-67 нөміріне немесе Департамент жанынан құрылған мобильдік топ штабының мүшелеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.