• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті ең алғашқы іс-шарасын кәсіпкерлер арасында өткізді

Елбасы Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екенін және жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес әрі қарай жалғаса беретінін нақтылап көрсеткен. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  - өзекті мәселелердің бірі және елдегі қабылданып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы кәсіпкерлердің хабардар болуы маңызды.


Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ең алғашқы іс-шара кәсіпкерлер арасында өтті.


Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Кәсіпкерлер палатасының Түркістан қаласындағы филиалының басшысы Н.Дәрібаев және кәсіпкерлер мен шетелдік компания өкілдіктері қатысты.


Іс-шараның мақсаты - бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.


Іс-шарада сөз алған Департаменті басшысы Ғ.Тұрсынбаев «Елбасы кәсіпкерлікті қолдауға, бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге және елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуде қиындықтар жасалмауы тиіс екеніне көңіл бөліп отырады. Департамент азаматтармен және бизнес-құрылымдарының өкілдерімен тікелей қарым - қатынасқа және кәсіпкерлікті қорғауға ерекше мән береді. Бүгінгі күні қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында республикада, облысымызда және қала, аудандарда арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын бастады» - деп атап өтті.


Кәсіпкерлер палатасының Түркістан қаласындағы филиалының басшысы Н.Дәрібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуде кәсіпкерлік саласымен атқарылып жатқан жұмыстарға баса назар аударды.


Сондай-ақ, Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы кәсіпкерлердің құқықтарын шектемек болған лауазымды адамдардың жауапкершілігі  Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып отыратындығын жеткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.


Ғ.Асанұлының айтуынша Әдеп жөніндегі кеңеспен 2017 жылы кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау дерегі бойынша 3 тәртіптік іс қаралса, 2018 жылы 1 іс қаралған.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.