• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-да Индустриаландыру картасы аясында іске асқан жобалар өңір экономикасының дамуына үлес қоса бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустриаландыру картасы аясында жобалардың белсенді жүзеге асу көрсеткішін байқауға болады. Аймақтағы ең ірі «Spirit-Казахстан», «HILL Corparation», «Евро Кристалл», «BayerGroup» сияқты тауарөндіруші кәсіпорындары аталмыш карта аясында қолдау алып, бүгінде өндірістік қуаттылығы артуда. Бүгінде аталған кәсіпорындар  ішкі сұранысты қамтып қана қоймай шетелге экспорттауды бастап кеткен. Нәтижесінде  өңір экономикасының дамуына айтарлықтай өз үлестерін қоса бастады. Сонымен қатар, аталған кәсіпорындарда жергілікті тұрғындар қатарынан азаматтарды көптеп жұмыспен қамту деңгейі жоғарылап келеді.


Бүгін БАҚ өкілдеріне осы бағдарлама аясында іске асып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған «Оңтүстік» Индустриалды аймақта орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды.


Жалпы «Оңтүстік» Индустриалды аймақ бойынша 95,1 млрд. теңге көлемінде 6 668 жұмыс орнымен 71 жоба жүзеге асуда. Бүгінгі таңда 71 жобаның жалпы сомасы 42,5 млрд. теңге болатын 39 жүзеге асып, 3 599 жұмыс орны ашылды. Осы жылы 27,2 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асып, жаңа 845 жұмыс орны ашылмақ.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.