• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ОҚО-дан Астана күніне орай ауыл шаруашылық керуені жөнелтілді

Оңтүстік Қазақстан облысынан Астана қаласы күніне орай, ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 157,7 млн.теңге болатын 374 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар.


Астана қаласында шілде айының 2-3 күндері өтетін жәрмеңкеде 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады.


Астаналықтарға мереке қарсаңында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан 69 тонна ет  пен ет өнімдері, 141  тонна көкөніс, 33 тонна жеміс – жидек, 17  тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат   25 мың дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімдері мен тағы басқа 27 тонна өнімдер ұсынылады.


Бұл өңірдегі аудан мен қалалардың Бас қалаға жасаған өзіндік тартуы. Соған орай, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылық басқармасының мамандары жиналып керуенді салтанатпен шығарып салды.


Жалпы облыста егіс көлемі 5 мың гектарға артып 780 мың га құрады. Ал суармалы жер көлемін қосымша 8,7 мың га ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


 


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.