• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады.


2018 жылдың маусым айында, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында «Қолайлы инвестициялық ахуал құру және инвесторлардың сенімін арттыру үшін ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ оның нысандары мен тетіктерін айқындау» мақсатында меморандумға қол қойды.


Меморандум аясында, Агенттік бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.


Жобаның мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.


Қаладағы инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «KAZAKH INVEST»-ҰК» филиалымен бірлесіп, фронт офис ашылды. 


Жобаны таныстыру мақсатында Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізілді.


Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы сүйемелдеу мен барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою кәсіпкерлер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қоюы аясында жүргізілуде. Мұндағы жалғыз шарт олардың бизнесті адал жүргізіп, жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілікке келісуі болмақ. 


Кез-келген адал жұмыс жасаймын деуші инвесторларды Департаментпен келісімге қол қоюға шақырамыз. Келісімге қол қойған инвесторлар әрқашан Департамент қорғауында болады.


Департамент жанынан  инвесторлармен кері байланысты  орнату мақсатында «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары ашылды.


Департамент әрқашан адал жұмыс жасаймыз деген инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алатынын хабарлап, инвесторларды бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз.


 


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.