• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Мемлекеттік қызметші және Әдеп кодексі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы  Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының 1-ші институционалдық реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналып, оны жүзеге асыру мақсатында бірқатар кешенді міндеттер қойылған.


Осы ретте, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, қызметтік әдептің сақталуын бақылауды жүзеге асыру кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.


Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы Әдеп кодексі, ол - жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық секілді принциптерді ұстануы керек. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің басты талабы болмақ.


Біз мемлекеттік қызметке кіргенде Әдеп кодексі талаптарымен танысып, шектеу қабылдаймыз.


Яғни, қандай жағдай орын алып жатса да, мемлекеттік қызметші ретінде біз,  адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға міндеттіміз. 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік


қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа


қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы


бойынша департаментінің бас маманы                                     Е.К.Сейдалиев


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.