• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі

Елбасының ағымдағы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және Үкіметтің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы баршамыздан мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алуды талап етеді.


Қазіргі таңда елімізде халыққа көрсетілетін қызметтердің ішінен әлеуметтік маңызды қызметтерді барынша электронды түрде алуға барлық жағдай туып отыр.


Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.


Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.


Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталымен «жеке кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие.


Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.


«Электрондық цифрлық қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталығынан куәландырыла отырып, қызметтерді «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, жеке кабинетте мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануға және ЭЦҚ-ны телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алуға болады.


Бұл - мемлекеттік қызметті алуда кезек күттірмейді, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.


Өз кезегінде, Департамент тарапынан электрондық қызметтерді алу жолдары мен мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» туралы, «Еgov-тың 44 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады» туралы екі тілде әзірленген жадынамалар (брошюра) таратылды.


Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында семинар, дөңгелек үстел өткізіліп, дәрістер оқылып, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Сондай-ақ, электронды түрде қызмет алу тәсілдері туралы мемлекеттік және ресми тілде әзірленген анимациялық бейнероликтер халық көп шоғырланған ХҚКО, мектеп, ауруханаларда орналастырылды.


Соңғы уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының электрондық түрде қызмет алуы күннен күнге ұлғаюда.


Бұдан бөлек, қызығушы тұрғындар өздеріне қажетті толық ақпараттарды Департаменттің memkyzmet.kz сайтынан ала алады.


 


 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік


қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа


қарсы іс-қимыл Агенттігінің


Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы


Н.Сарғалдақов


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.