• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Шымкент қаласында қоғам белсенділері жатақханаларда бөгде адамдардың тұрмауын бақылауға алды

Жаңа оқу жылы басталысымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, білім ордаларының жатақханаларын аралап, рейд ұйымдастырды.


Басты мақсат - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануын, соның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау болып табылады.


Жұмысшы топ Шымкент жоғары медициналық колледжінде, Оңтүстік Қазақстан саз колледжі және тағы басқа 10-ға жуық колледжерді аралады.


Жатақханада бос орындар көптігін, оқу орнының өкілдері оқу жылының енді басталуымен, құжаттар рәсімдеу үрдісімен байланыстырды, алайда, бұл жұмыс жалғасын табатын болады.


Айта кетейік, бұған дейін оқу орындарына жүргізілген рейд барысында Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі жатақханасында 1-курс студентінің жолдамасыз жатақханада тұрып жатқандығы және қолында ешқандай құжат болмағаны анықталса, дәл осы жатақханада 2-курс студенті туысын (сіңлісін) рұқсатсыз жатақханада алып жатқандығы анықталып, жауапты тұлғалар тәртіптік шараға тартылған болатын.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.