• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Жамбыл облысында цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда

"Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. Еліміздегі "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар. Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.


Сол себепті, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталықтары мен ауылдық округтерде цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылып, жұмыс істеуде. Мұндай орталықтар ауылдық кітапханалардың базасында құрылып жатыр. Биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін облыста осындай отыз орталық іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Ал, жыл соңына дейін орталық саны 60-ға дейін артпақ. Қазіргі таңда облыста 288 кітапхана бар, алдағы уақытта цифландырылған ақпараттық орталықтар барлық кітапханада жұмыс істейді деген жоспар қойылған.


Орталықтың мақсаты не? Яғни, орталық мамандары тұрғындарға еgov.kz электрондық үкіметі арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беретін болады. Ал жыл соңына қарай несие, тұқым алуға, сонымен қатар, балаларын ЖОО, колледжге, түсіру үшін қандай құжаттар жіберу керектігі жайлы да ақпарат бере алады. Бұл алыс ауылдардағы ағайын аудан орталығына барып, уақыт жоғалтпайды деген сөз. Айта кетейік, әрбір орталық компьютермен және интернет желісімен жабдықталған. Сондай-ақ, цифрландырылған орталықта жұмыс істейтін кітапханашы маманның біліктілігін арттыру мақсатында «Жамбыл облысының инсвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-де түрлі оқыту семинарлары өтеді. Біліктілігін жетілдірген қызметкер облыстық басқарма мамандары мен бірлесіп, өзі жұмыс жасайтын ауданда немесе ауылда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.