• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Үш ауысымдық мектептер мәселесі келер жылы толығымен шешіледі деп күтілуде

Жамбыл облысы әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзаxметов сала басшыларының қатысуымен кезекті жиын өткізді. Атап айтқанда, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларының алдағы үш жылға атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.


Қазіргі таңда білім саласындағы ең өзекті мәселе – үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің жайы. Елімізде барлығы қырық төрт мектеп апатты деп танылған, соның ішінде облыстағы жеті апатты жағдайдағы мектептің үшеуі биылғы жылы күрделі жөндеуден өтетін болса, келесі жылы бір мектептің құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Қалған мектептер кезең-кезеңмен шешімін таппақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта он бір мектептің апатты деп саналу мүмкіндігі туып тұр. Мұны білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова мәлімдеді.


Облыс әкімі Асқар Исабекұлы  үш ауысымдық мектептердің жай-күйі келесі жылы толығымен шешімін табатынын айтты. Ал, апатты деп табылған мектептердің түйткілін тезірек нақты әрі тиімді жұмыс атқара отырып орындауды, жүйелі түрде жоспар құрып іске асыруды талап етті.  Ал, денсаулық саласына келетін болсақ, облыс бойынша әлі де тоқсан бес елдімекенге медициналық пунк салуды қажет етеді. Сала басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, жоспар бойынша бұл бағытта биыл отыз, келесі жылы жиырма екі нысанды пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, облыс басшысы Асқар Мырзахметов медициналық нысан тапшылығын кезек күттірмейтін өзекті мәселе деп ескеріп, 2020 жылға дейін толығымен шешуді қолға алуды тапсырды.
Өңір басшысы қажеттілігі туындап отырған мәдениет, спорт нысандарын салуда да тиянақты жоспар қажет екендігін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда әлеуметтік салалардағы жаңа мектеп салу, медициналық бекеттер, ФАП-тар, мәдениет ошақтары мен спорт алаңшаларын салу кезек күттірмейтін мәселе.


- Облыстың бюджетін қараған кезде бірінші кезекте шешетін мәселені анықтап алуымыз керек. Соның бірі – денсаулық саласында 95 елді мекенде алғашқы медициналық көмек көрсететін бізде жағдай жоқ. Сондықтан осы істі созбау керек. Өйткені, халық осыдан қиналып отыр, - деді облыс басшысы өз сөзінде.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.