• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Бес әлеуметтік бастама бойынша жатақхана салу көзделуде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеу­меттік бастамасын жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндет жүгі салмақты. Әсіресе, тұрғын халықты баспанамен қамтамасыз ету, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты орындалатын міндеттер мен ынталы адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету облыс, аудан әкімдерінің ен­дігі жердегі негізгі жұмыс бағы­тына айналды. Елбасының әлеуметтік бас­тамаларына қолдау білдіріп, аймақта атқарылатын жұмыс­тарды саралаған Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов тиісті басқарма басшыларымен жиын өткізді. Облыс басшынының алдында баяндама жасаған облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Қалдыбаев xалықтың тұрғын үймен қамтылуын, "7-20-25" бағдарламасының орындалу барысы туралы кеңрек тоқталды.
Қазіргі таңда облыста арендалық тұрғын үй алуға 23 мыңнан аса адам кезекте тұр. Оның ішінде xалықтың әлеуметтік осал тобы - 12986 адам, бюджеттік қызметкерлері - 7354, жетім, қамқорлықсыз қалған балалар - 2706, Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 8, үйі апаттық деп танылғандар – 1 адам. Ал, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша 44 648 салымшылармен 9,95 млрд.теңге жинақталған. Ағымдағы жылы тапсырылатын 800-пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алуға 1039 азамат ниет білдірді. Олардың, 308 өтініші қолданып, биылғы жылдың қыркүйек айындағы мәлімет бойынша 228 азаматтың төлем қабілеттігі бойынша растау алынған. Қалған пәтерлерді (572 пәтер) сату мақсатында, 17 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау туралы хабарлама берілген.
Сондай-ақ, баяндамашы «7-20-25» бағдарламасы аясында, екінші деңгейлі банктерге 125,7 млн.теңгеге 11 өтініш түсіп (Центркредит банкі), 69,9 млн.теңгеге 7 өтініш бойынша несие берілгенін жеткізді.
Асқар Исабекұлы бұл бағыттағы жұмыстарға әлі кемшін түсіп жатқаны тұстарына тоқталып, халыққа түсіндіру жұмыстарының ойдағыдай еместігін баса айтты. Бағдарламаға банктердің қатысу барысын барлап, өкілдерінен жауаптар алды. Ақпараттандыру, насихат жұмыстарын күшейту керектігін алға тартты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - жоғары оқу орындарындағы студенттердің жатақханамен қамтылу жайы. Бүгінгі таңда облыста 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақхана бар. Қазіргі таңда жатақханаға мұқтаж 1637 студент анықталған. Атап айтсақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсетінде жатақханаға қажеттілік – 657 орын, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде – 780, ТИГУ-да – 200 орын жатақханаға қажеттілік туындауда. Сонымен қатар, облыста 3 колледж студенттері үшін 750 орындық жатақхана салу қажеттілігі бар. ТарМУ мен ТарМПУ-де бұл мәселенің шешілу жолдары қарастырылып, жатақхана салу көзделуде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.