• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Венада қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды

28 қыркүйекте Австрия елордасында қазақстандық-австриялық экономикалық форумының алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды.


«Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу үшін барлық жағдайларды жасады. Шетелдік инвесторлар кеңесі тиімді жұмыс істейді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды, онда ағылшын заңдарының принциптері бойынша тәуелсіз қаржылық сот жұмыс істейді.


Біз ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болдық және инвестицияларды қорғау туралы 50-ге жуық келісім-шартқа қол қойдық. 62 ел үшін визасыз режим енгіздік.


Инвестицияларды тартуды күшейтуге бағытталған осы үрдісті жалғастыруда Агенттік адал бизнесті қорғауға негізделген «Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы сүйемелдеу» жобасын іске қосты. Яғни, инвесторларды теріс пиғылды шенеуніктердің тарапынан орын алатын кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғау.


Тек 3 айда, біз бағасы 12 млрд. евродан астам 140 бизнес-жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алдық», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.


Бұдан басқа, Агенттік төрағасымен лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі жұмыстың күшейтілгені атап өтілді.


«Қазақстан бизнесті тиімді жүргізу үшін шығындарды азайтуға көп көңіл бөледі, бұған ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының 30%-ға қысқартылғандығы дәлел», - деді спикер.


Австрияға іссапар барысында А. Шпекбаев Австрияның Мемлекеттік қызмет және спорт министрлігінің Бас хатшысы  
Р. Вайнертпен және Мемлекеттік басқару академиясының директоры К. Хартманнмен екі жақты кездесулер өткізді.


 


МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.