• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸374.64

Мемлекеттік қызметтік сапасын арттыру мақсатында жәрмеңке өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Жамбыл облысы, Тараз қаласының орталық базарында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Бұл шараның өтуіне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  бастамашы болды. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аудару қажет.


          Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту жəне басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін облыстық, аудандық жергілікті жəне аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізді. Сондай-ақ, электронды цифрлы кілтті алғысы келетіндердің барлығына қызмет көрсетілді жəне алдағы уақытта тұрғындар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпай-ақ қол жеткізеді. Көпшілікті негізінен жер телімі, жеңілдікпен баспана алу, электронды порталды пайдалану сияқты сауалдар қызықтырды. Түсіндіру жұмыстары  Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылдың бас кезінен бастап өңірдің 480 мекемесі мен ұйымында жүргізіліп, 87 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осындай үгіттеу жұмыстары  алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жалпы мұндай шараның мақсаты - әкімшілік кедергілерді азайту,  халыққа  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашық, сапалы болуын қамтамасыз ету және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында да көп кездесетіні айтылып, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алуға шақырды.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.