• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

А.Мырзахметов Меркіге жұмыс сапарымен барды

Меркі ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асқар Мырзахметов бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Меркі ауданында 14 ауылдық, кенттік округ, 44 елді мекен бар. Жалпы саны сексен бес мыңға жуық халық тұрады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы    426 миллион 400 мың  теңгеге 16 кәсіпкерлер 12,5 және 19% аралықтарында несие алды, оның 10% мемлекет тарапынан, яғни «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ арқылы субсидияланып, кәсіпкерлер әрі қарай өз бизнесін дамытуда.  Ауданда барлығы 38 білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Оның екеуі жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия, 27 жалпы білім беретін мектеп, 9 бастауыш мектеп болса, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда 55 емдеу мекемелері жұмыс істейді. Бұл күндері Меркі ауданы экономикалық-әлеуметтік жағынан іілгерілеп келеді, әйтсе де ширақтық танытып қолға алатын шаруалар да жеткілікті.


Алдымен «Меркі қант зауытына» табан тіреген аймақ басшысы мұндағы жұмысшы топпен кездесті. Зауыт өткен жылы жетпіс мың тонна қант қызылшасын қабылдаған, биыл бұл көрсеткіш екі есе артпақ. Қазіргі таңда зауытта екі жүздей жұмысшы бар. Зауыт директоры Нұржан Қарғабаевтың айтуынша, жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 56300 теңге. Қазіргі сәтте қырқүйек айының соңына таман тәтті түбір қабылдап  жатқан зауыт 4 мың тоннаға жуық қызылша жинаған. Зауыт қант қызылшасының келісін 8 теңгеден қабылдап, субсидия арқылы өткізушіге келісіне 12 теңгеден төленеді.


Асқар Исабекұлы өз сөзінде жұмыс өнімділігін арттыру үшін суармалы жердің көлемін ұлғайту керектігін, сол арқылы ауданда тәтті  түбір алқаптарын мұнан да кеңейтіп, табыс көлемін екі еселендіруге болатынын айтты. Ол үшін қажетті  шағын су қоймаларын барынша шұғыл іске қосу керек. Осыған орай аймақ басшысы нақты тапсырмалар жүктеді. Яғни, бұл жерде су жүйелерін тазалауда меxаникалық жасақтың көмегін ұтымды пайдаланған тиімдірек.


Облыс басшысы бас сұққан екінші нысан Ойтал  ауылындағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік  шеңберінде салынып жатқан  дәрігерлік амбулатория болды. 35 миллион теңгеге соғылған жатқан ғимарат пайдалануға толықтай дайын. Асқар Исабекұлы нысанның  ішкі және сыртқы ұсақ-түйек жұмыстарын асықпай, тиянақты әрі мұқият жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ тиісті тұлғаларға облыстағы дәл осы көлемдегі қаржыға салынып жатқан осындай медициналық нысандардың сапасына жіті мән беруді, ең жақсысын өзгелерге үлгі ретінде ұсыну керектігін тапсырды.


Үшінші нысан - "Олжа" шаруа қожалығындағы ірі қара мал бордақылау алаңы. Мұнда орын үш мың басқа дейін арналған. Асқар Мырзаxметов қожалық жетекшілеріне ет комбанитаның жүктемесін отыз пайыздан елу-алпыс пайызға арттыруды, сол бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.  Ет өнімдерін өндіріп арттыруды басты назарға алуды тапсырды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.