• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Таласта жылына 110 тонна мәрмер тас өңделеді

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев журналистермен жүздесіп, аудан көлемінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұған дейін облыс басшысы Асқар Мырзахметов ауданға кезекті іс-сапары барысында Талас ауданына қатысты бірталай сын-ескертпелер жасаған болатын. Әсіресе, агросала мен кәсіпкерлік саладағы олқылықтарға ескерту айтқаны белгілі. Содан бері айтылған сыннан қандай нәтижелер шығарылды? Қандай өзгерістер бар?  Облыс басшысы шүйліккен «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келсек, мұнда аудан басшысы Досмаханбет Қасымұлының айтуынша, 1415 тонна цемент және 4600 тонна клинкер өндіріп, ақшалай 35 млн. тенгені құраған. Ал, «Қаратау ПРО» ЖШС 36559 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш өндіріп, ақшалай 272 млн. 900 мың тенгені құрады. «Амангелді ГАЗ» ЖШС 155 млн. 600 мың текше метр табиғи газ және 7900 тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 5 млрд. 877 млн. теңгені құрады. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1600 тонна сұйытылған газ, 700 мың текше метр газ және 4800 тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 511 млн. 200 мың теңгені құрады. «Шолақтау» тау кен өңдеу кешені 46800 тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндірген.


Сондай-ақ, Досмаханбет Қасымұлы ауданда ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өскенін айтты. Талас ауданы ағымдағы жылы 11 млрд. 736 млн. теңгенің өнімін өндірген. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалып, нақты көлем индексі 110,9% құрады.


«Talas Investment Company» ЖШС 4066 тонна цианид натрий және 1444 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 3 млрд. 76 млн тенгені құрады. Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында 18 млрд. 211 млн. теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде жылына 15000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-гі, жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-і. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері 6 млрд. 110 млн. теңгені құрап, 101,0% орындалып, немесе 57 млн. 900 мың теңгеге артық өндірілген. Нақты көлем индексі 101,5% құрады. Мал шаруашылығы бойынша: Мал мен құс еттері: 7905 тонна (102,2%-ға), сүт 6192,0 тонна (102,5%-ға), жүн 284 тонна (102,0%-ға) жұмыртқа 1 млн. 941 мың дана (64,3%-ға) өндірілген.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.