• Бүгін: 14.11.2018 |$1 = ₸375.13

Жерұйық мекен – Жуалы

Асқақтаған Алатау мен қарт Қаратаудың қойнауындағы Жуалы ауданына тоқсан жыл толды. Іргесі 1928 жылы қаланған аудан бүгінгі күнге дейін талай тарихи асулардан өткені аян.  Жуалы ауданына 90 жыл толды. Даңқты батырларымен, қаламы қарымды жазушыларымен аты әйгілі ауданның мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күні ауа-райы да әсем  табиғатпен үндескендей тамылжып тұрды. Алтын күздің көрінісі салтанат құрған, айнала сары-жасыл түске көміліп, аудан жұртшылығы көңіл-күйі де көтеріңкі. Ауданның кіре-берісіндегі күре жол маңында "Мәңгілік ел" саябағын тамашалаумен басталды. Өлкенің есімін күллі қазақ даласына танытқан даңқты қолбасшы батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылып, баба рухына тағзым етілді. Сонымен қатар бұл күні аудан халқы көптен күткен тарихи Өлкетану мұражайының ашылу салтанаты болды. Енді мұнан былай осы мұражайдан өлкенің тарихы туралы мол мағлұмат алуға болады. Одан әрі жиналған көпшілік Жуалы ауданының 90 жылдығына арналған "Мерейтойың құтты болсын, Жуалым!" атты мерекелік іс-шараға қатысты. Мереке барысында ауданға еңбегі сіңген азаматтар "Жуалы ауданның 9 жылдығы" төсбелгісімен марапатталды. Аудан өнерпаздарымен бірге Жуалы өңірінен шыққан елге танымал әшілер мен өнерпаздарқалың көрерменге мерекелік концерт ұсынып, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық спорт ойындарын ұйымдастырды. Қонаққа осы өңірден шықққан белгілі тұлғалар мен аудан халқы ат салысты.


Бағзы заманнан бері жұртшылыққа жайлы қоныс бола білген жер жәннәті Жуалы кешегі күндерден сыр шертердей.  Өткені өнегелі өңірде  бүгінін баянды ету үшін жұмыстар жасалып келеді.  Мәселен, ауданда  тұңғыш рет тарихи  өлкетану мұражайы ашылды. Қазір жуалылықтар жақында ашылған «Мәңгілік ел» саябағында серуендей алады. Аудан орталығына кіре берісте көрнекі жерде   орналасқан саябақ ауылдың ажарын аша түскендей. Ашылу салтанатына жиналған көпшілік батырларына да құрмет көрсете білді. Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.  Туған жердің қасиетіне бас ие келгендер сапында Парламент сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, халық  қаһарманы Бақытжан Ертаев та бар.


Жуалы өңірінен талай батырлар мен таланттар түлеп ұшқан.  Олардың бір парасы – елге танымал тұлғалар.  Абырой біиігінде жүрген жандар туған жерге тағзым етуді естен шығармады. Өңірдегі өркенді істер ұлттық құндылықтармен де айшықталып тұрады. Ұлттық құндылықтар мен  Жуалыдағы мерейтойдан қалыспай атсалысуы, мұндағы ауызбіршіліктің мол екендігін байқатты.


Сондай-ақ, биыл Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылында дәрігерлік амбулатория құру жоспарланып отыр,   «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары–заманауи білім орталықтары бастамашыл жобасы аясында Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық кітапханасында «Coworking center» ашылды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.