• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

МӘМС жұмыстарын түсіндіру мақсатында облыста аранайы штаб құрылып, жыл басынан бері 20 отырыс өткізілген

Жамбыл облысында 115 қызмет беруші медицина мекемесі тіркелген. Осы мекемелерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілген.  Бұл туралы бүгін өткен брифингте  өңірдің бас дәрігері Марат Жұманқұлов журналистер алдында мәлімдеме жасады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру -  бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді.


2017 жылдың 1 шілдесінен бері  232 мыңнан аса адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша  қызмет алған. Спикердің айтуынша өңірде тегін медициналық көмектің  кепілдік көлемі 45 млн. теңгені құрады. Оның ішінде қырық жеті жекеменшік мекеме бар. Бүгінгі таңда, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен аудандар және Тараз қаласы әкімі арасында келісімге қол қойылған. Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарын түсіндіру мақсатында облыста арнайы штаб құрылып, жыл басынан бері жиырма отырыс және Шу, Қордай, Жуалы аудандарында халықпен кездесулер өткізілген. Брифинг барысында журналистер тарапынан көптеген сауалдар жолданып, басқарма басшысы Марат Жұманқұлов тиісті жауап берді. Мәселен, шалғай жатқан Мойынқұм ауданындағы Мыңарал, Хантау сияқты  елдімекен халқы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қалай қамтамасыз етілуде?


Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  қазіргі мәліметтерге шолу жасап, жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Сонымен қатар, «Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой» сияқты қаланың ірі және орта кәсіпорын ұжымдарына,  МӘМС жүйесіндегі түсіндіру жұмыстары жалғасуда.   Бұл болашақта кірістің өсуімен тұрақты қаржыландыру, барлық бизнес-процестерді басқаруда дербестік, қағаз бастылықтан құтылу. Сондай-ақ, мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында пациент үшін бәсекелестік күшейтіледі, бұл жалақы деңгейін арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға себеп болып табылады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.