• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Сапалы мемлекеттік қызмет - халық алдындағы міндет

Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы ету мақсатында қолға алынған.

Аталған шараны Меркі ауданы әкімінің аппараты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге әр сала мамандары қатысып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі туралы түсіндірді. Сондай ақ азаматтардың тарапынан туындаған  сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алуға жағдай жасалды. Осыған дейін мұндай іс шаралар аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарда да өткізілген болатын.


Асхат МЕДЕЛБЕКОВ МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:


Жәрмеңкеде электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кез келген уақытта алуға, ақпараттарға  оңай әрі жылдам қол жеткізуге болатыны да түсіндірілді. Айта кетейік, жәрмеңке Меркі ауылының халық көп жиналатын «ММ Меркі» сауда орталығында өтті.


Райымкүл ҚАЙРАҚБАЕВА МЕРКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Іс –шара барысында «ЛЕД» экран арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің веб-порталы  арқылы алу тәртібі туралы бейне роликтер де көрсетілді. Жергілікті тұрғындардың аталған іс шараға қызығушылығын арттыру мақсатында «EGOV» белгісі бар ыдыстар, қаламсаптар мен кітапшалар табысталды.


  "Бір терезе" қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны. Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.


      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.